Елордада жол жөндеу жұмыстарының бір бөлігі аяқталды

Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына дейінгі бөлігінде, Бөкейхан көшесінің Кенесары көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде және Бөкейхан көшесінің Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жандандырылды. Сәйкесінше, аталған жол бөлігінде көлік қозғалысын шектеуге байланысты өзгертілген автобус бағдарлары да қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта төменде аталған жол бөліктерінде жөндеу жұмыстары жалғастырылып жатыр:
- 25 мамырдан 15 маусымға дейін Қордай к-сі 14-көшеден соңғы аялдамаға дейін;
- 15 мамырдан 15 маусымға дейін Өзбекәлі Жәнібек к-сінің Айнакөл к-сінен Қошқарбаев к-сіне дейін;
- 30 мамырдан 2 маусымға дейін Уәлиханов к-сінің Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейінгі бөлігінде жол қозғалысы толық жабылды.
- 17 мамырдан 15 маусымға дейін Қошқарбаев көшесінде Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;
- 30 мамырдан 16 маусымға дейін Уәлиханов к-сінде Абай даңғылынан Бараев көшесіне дейін көлік қозғалысы жартылай шектеледі.
Сонымен қатар, 28 мамырдан бастап Көктал-2 тұрғын алабынан «Метро» гипермаркетіне дейінгі учаскені қамтитын №103 маршрут №71 болып өзгертілді. Себебі, 103 номері қалалық экспресс-маршрутқа берілген болатын.
Осы желі бойынша жүретін автобустар саны мен қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалады.