Елордада жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада теміржолды қиып өтіп бара жатқан №53 бағдардағы автобус пен тепловоз соқтығысты. Бұл туралы Бұл туралы «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты

«13 қыркүйек күні сағат 06:20 кезінде Жетігін көшесінде Пушкин көшесі бағытында №53 бағдарындағы автобус пен тепловозға қатысты жол-көлік оқиғасы тіркелді. Көлік апаты кезінде автобуста жолаушылар болмаған. Оқиға орнына келген полицейлер автобус жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырды», - деді Н. Азанбаева.

Аталған қоғамдық көліктің жүргізушісі рейсті бастау үшін базадан аялдамаға қарай жүрген.

Жол апатынан кейін автобус жүргізушісі жұмысынан шеттетілді. Жол көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.