Елордада жолай өтіп бара жатқан жігіт өртенген үйдегі балаларды құтқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғыны өртенген үйден балаларды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Елордада жолай өтіп бара жатқан жігіт өртенген үйдегі балаларды құтқарды

21 мамыр сағат 06.23-те Саржайлау көшесінде өрт тұтанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндірушілері келген кезде жалпы ауданы 110 шаршы метр мансард түріндегі жеке үйдің шатыры мен салынған веранда жанып жатқан. Өрт сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

«Үйде екі кішкентай баласы бар отбасы тұрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін отбасы бала-шағасын есіктен шығаруға тырысқан, бірақ есікке шығуға мүмкіндік болмады, өйткені жалын веранданы шарпыған. Содан кейін терезеге жүгіріп, балаларды терезе арқылы түсіруге тырысқан. Осы уақытта сол үйдің маңынан өтіп бара жатқан ер адам шатырдан қалың түтінді байқап, үйге жүгірген. Ол әйелі мен балаларын терезеден сыртқа шығаруға тырысып жатқанын ер адамды көреді» делінген хабарламада.

Үй иесі балаларды терезе арқылы Қанаттың қолына табыстады.

Бұл - 34 жастағы қала тұрғыны Қанат Байболов болып шықты. Қанат қауіп туралы ойламай, кішкентай балаларды құтқаруға көмек көрсетті. Бүкіл отбасы аман-есен құтқарылды.