08:51, 24 Тамыз 2020 | GMT +5
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты екі көше 25 тамызға дейін жабылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жөндеу жұмыстарына байланысты Бигелдинов пен Жұбанов көшелері 25 тамызға дейін жабылады. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына маршрутты алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, 23-25 тамыз аралығында жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда бірқатар көшелер жабылады.
Орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, 23-25 тамыз аралығында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған.
Сондай-ақ Жұбанов көшесінде Абай даңғылынан көшенің соңына дейін жол құрылысы жүріп жатыр. Дәл осы мерзімде қозғалыс тоқтайды.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін баратын бағытын алдын-ала жоспарлау керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері.