Елордада жүк артатын көліктің жүргізушісі әйелді қағып кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Астанада жүк тиегіш көліктің жүргізушісі әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Елордада жүк артатын көліктің жүргізушісі әйелді қағып кетті - ҚР ТЖМ

26 шілде күні елордада шаһарды абаттандыру жұмыстары кезінде «АстанаЗеленстрой» АҚ-ға тиесілі жүк артатын көліктің жүргізушісі 50 жастағы әйелді қағып кетті.

Жапа шеккен нәзік жан түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.