12:03, 24 Шілде 2015 | GMT +5
Елордада жүк тасымалдау көлемі былтырғыдан көбейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, биылғы жылдың алғашқы алты айында былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жүк тасымалы көлемі ұлғайды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-маусымда қала көлігімен (жүк автокөлігі бар және коммерциялық тасымалмен айналасатын көліктік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың жүк тасымалдау көлемін бағалауды қоса алғанда) 61903,5 мың тонна жүк тасымалданды, сонымен қатар жалпы жүк айналымы 3886,8 млн. тонна км құрады. 2014 жылдығ сәйкес мерзімімен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 7,8% артты», делінген хабарламада. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер тасымалын қосқанда, қаланың автомобиль көлігімен 2015 жылғы қаңтар-маусымда 1088,7 млн. жолаушы, соның ішінде қаланың көліктік кәсіпорындарымен 237,6 млн. адам (21,8%), жеке кәсіпкерлермен 851,1 млн. адам (78,2%) тасымалданды.