Елордада «Жұлдызды шашу» фестивалі өтті
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында ұстаздарға арналған «Жұлдызды шашу» фестивалі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жыл сайынғы оқытушылар фестивалінде ең таңдаулы ұстаздарды бүлдіршіндер құттықтап, оларға арнап Отан және Астана туралы тақпақ оқып берді. Сонымен бірге, Астана қаласы білім басқармасының шешімімен «Білімнің алтын қоры» құрмет кітабына елорданың еңбек сіңірген ұстаздарының есімі жазылды.
«Бүгін көптеген ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан алғыс хаттар, құттықтаулар мен грамоталарға ие болды. Бұл Министрлікте де, қалалық әкімдікте де ұстаздарға көп көңіл бөлінетінінің белгісі», - деп атап өтті Астана қаласы білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина.