Елордада жұмыс «іздеген» 20 жастағы қыз ұрлықпен қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада бұрын істі болған 20 жастағы бойжеткен ұрлық жасап, криминалдық полиция қызметкерлерінің қолына қайта түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада жұмыс «іздеген» 20 жастағы қыз ұрлықпен қолға түсті

«Күдікті оқу орталықтарына жұмыс іздеп барған болып, ашық тұрған кабинеттерден смартфондар мен ақша ұрлаған. Жедел іздестіру шараларының арқасында полиция өкілдері қызды бір тәулік ішінде қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойында, екі бірдей оқу орталығында ұрлық жасағанын айтты», - деді қалалық Полиция департаментінен.

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі амалдар жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазір оның өзге де ұрлық қылмыстарына қатыстылығы анықталып жатыр.

Елорда полицейлері бойжеткеннің заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккендерді «102» нөміріне жүгінуді сұрады.