11:16, 27 Қараша 2014 | GMT +5
Елордада жұмыспен қамту органдары арқылы 5876 адам орналасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, жыл басынан бері жұмыс іздеу мақсатында жұмыспен қамту органдарына жүгінген тұлғалар саны 11 208-ге жетті.

Қазіргі кезде 5 876 адам жұмысқа орналасты. Биыл жұмыспен қамту мақсатында 10 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Бұдан басқа, кәсіби даярлау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру курстарына 1 689 жұмыссыз жіберілді. 726 түлек жастар практикасынан өтті.
Еске салайық, үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айларында жұмыссыз жүрген 3 099 адам тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 50,6% төмен, деп хабарлайды stana.kz.