Елордада жұмыссыздық деңгейі төмендеді

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда тіркелген жұмыссыздар деңгейі 2012 жылдың үшінші тоқсанында  5,6%-ды құрады. 

Елордада жұмыссыздық деңгейі төмендеді

 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  (5,8%)  ол  0,1 пайызға азайып,  9 айдың қорытындысы бойынша  5,7 %-ды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2010 жылғы  11,2 %-дан  2011 жылы  9 %-ға  дейін төмендеді.

Аstana.kz  сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлағандай, әлеуметтік қорғаудың пәрмендік шараларымен  10 548 адам  (84,3 %) қамтылды.  Жұмыссыздар  қатарында мамандығы  жоқ  жұмыс күшінің  көптігі ескеріліп, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға  баса назар  аударылды. Қала  әкімдігінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі қаулысына сәйкес түрлі меншіктегі 135 кәсіпорынмен келісім шарт жасалды.  Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға  3144  жұмыссыз қатысып, оның  1380-і сабақтан  бос уақытта жұмыс істеген жастар болды. 

Кәсіптік оқуға -1335  адам, олардың - 491-і  Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты бойынша  жіберілді. Жастар тәжірибесіне 692 адам, олардың  347 адамы  Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында жолданды; халықтың мақсатты топтары үшін  362  әлеуметтік жұмыс орны  ашылса,  оның  224-і  -  Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша.

Биылғы жылдың басынан бері экономиканың  түрлі саласында  16 899  жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмыссыз қалған  998 адам ( 2010 жылы - 2 471,  2011 жылы  - 2 059) жәрдемақы  алды.