Елордада жүзуден Қазақстан біріншілігі өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Сәуірдің 26-сында елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында халықаралық санаттағы спорт шебері А.Гавриловты еске алуға арналған жүзуден Қазақстан біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі болады,

Елордада жүзуден Қазақстан біріншілігі өтеді

деп хабарлады Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан.

«Өткен жылы астаналық жүзгіштер командалық есепте бірінші орынды иеленді. Алайда ағымдағы жылы елордалық спортшылардың бәсекелестері өте көп болмақ. Осымен бесінші мәрте өткелі отырған дәстүрлі турнирге Алматы мен Астана қалаларынан және Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстарынан 200-ден астам спортшы қатыспақ», делінген баспасөз баянында.

Жарыстың бас төрешесі - ҚР-ның жүзуден еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Кудрявцев. Ол Қазақстан құрамасы сапында екі Олимпиадаға қатысқан, Жапониядағы Азия ойындарының, Кореядағы Шығыс Азия ойындарының және Бангкоктегі Азия ойындарының қола жүлдегері Андрей Гавриловтың жеке жаттықтырушысы болды.

Спортшыны еске алу жарыстары сәуірдің 26-сы мен 28-і аралығында өтеді.