12:38, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елордада жыл басталмай жатып екі пара беруші жүргізуші ұсталды
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астаналық тәртіп сақшылары жыл басталмай жатып, екі пара берушіні құрықтады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Айдар Совет мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Жол полициясы басқармасының қызметкерлері
жыл басынан бері сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында қаржы полициясы органдарымен бірлесе отырып, 2 рейд шараларын ұйымдастырған. «Жемқорлыққа жол берген жүргізушілер осы шаралар барысында құрықталған. Олар жол ережесін бұзған айыптау жауапкершілігінен жалтару үшін полиция қызметкеріне пара ұсынған. Қазіргі таңда осы әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның нәтижесінен біз көпшілікті кейінірек хабардар етеміз», деді басқарма бастығының орынбасары.