Елордада «Жыл басы - Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтуде
Шара барысында театрландырылған көрініс, мерекелік қойылымдар, өнер майталмандары дайындаған концерттік бағдарлама, ата-бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлері, қыз-келіншектеріміздің түрлі түсті өнерлері және ұлттық спорттық ойындар өткізілуде.
Наурызды тамашалауға келген қонақтар ұлттық ойындарда бақ сынасып, әр түрлі байқауларға қатысуда. Атап айтар болсақ, «Наурызым - нұрлы ырысым» наурыз көжелер байқауы, «Жарқыраған жас нұрлы, жаса, Наурыз дәстүрлі» атты ең тәтті самаурын шайы, «Киім пірі - Кимешек» ұлттық киімді нақыштайтын әжелер байқауы, «Бұрымды қыз» байқауы , «Төрлет, әз - Наурыз!» ақындар сайысы, «Ас атасы - Нан» атты ең тәтті бауырсақтар сайысы, «Аталар сөзі - ақылдың көзі» мектеп оқушылары арасында мақал-мәтелдер жарысы, үй шаруаларына ширақ қарайтын жас келіндерге және т.б. тақырыптарда қызықты сайыстар ұйымдастыруда. Байқау жеңімпаздары түрлі сыйлықтар мен марапттауларға ие болады.