Елордада жыл басынан 3 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жазаға тартылды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жазаға тартылды.

Елордада жыл басынан 3 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жазаға тартылды

Бұл туралы Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасынан мәлім етті.

Статистикалық мәліметтер бойынша, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны жоғары деңгейде сақталуда және көбіне аталған апаттарды жаяу жүргіншілердің өздері тудыратын көрінеді.

Мәселен, 2013 жылдың 2 айында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған апаттардың жалпы санының 50 пайызы жаяу жүргіншілер кесірінен болған. Бүгінде Астанада жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа 3 мыңнан астам жаяу жүргінші тартылды.

Ережені бұзу бойынша негізінен жолды рұқсат етілмеген жерден қиып өту, жолға күтпеген жерден оқыс шығу секілді деректер кездеседі.

Барлық ереже бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылады. Осы орайда 5 АЕК (8 655 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Жүйелі түрде ереже бұзғандарға қатысты айыппұл 15 АЕК деңгейінде салынады немесе 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу ескерілген.