Елордада жыл басынан бері 1,5 мыңға жуық жас жұмысқа орналасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналастыру мәселелесімен 2 538 жас жүгінді. Бұл туралы басқармасы басшысы Қайрат Қамбаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада жыл басынан бері 1,5 мыңға жуық жас жұмысқа орналасты

Жыл басынан бері елорданың жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 493 адам жұмысқа орналасқан. Оның 626-сы тұрақты жұмысқа орналасса, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен - 209, әлеуметтік жұмыс орындарына - 33, қоғамдық жұмыстарға - 606, бірінші жұмыс орнына 16 жас тартылды, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар берілді.

«Бағдарламалар шеңберінде еңбекақы мөлшері де артты. Мысалы, «Жастар тәжірибесі« жобасы бойынша - 107 мың теңге, ал «Қоғамдық жұмыстар« жобасы бойынша 102 мың теңге төленеді. Осы жобалардағы жұмыспен қамтудың арқасында жастар тәжірибе жинап, өзін танытуға, жұмыс берушіге өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады», - деп атап өтті жауапты маман.