Елордада жыл басынан бері жезөкшелікпен айналысқан 128 қыз, жеңгетайлықпен айналысқан 6 әйел ұсталды

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордада жыл басынан бері жезөкшелікпен айналысқан 128 қыз, жеңгетайлықпен айналысқан 6 әйел ұсталды. Бұл туралы бүгін брифингте Астана қалалық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Елордада жыл басынан бері жезөкшелікпен айналысқан 128 қыз, жеңгетайлықпен айналысқан 6 әйел ұсталды

Н.Ораздың атап өтуінше, Астана қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 26 жедел-алдын алу шарасын өткізген. Нәтижесінде 248 азамат тексеріліп, оның ішінде жезөкшелікпен айналысқан 128 қыз, жеңгетайлықпен айналысқан 6 әйел анықталып, ұсталған.

«Тексеріс нәтижесінде жезөкшелікпен айналысу үшін орындар ұйымдастырды және ұстады деген күдікпен ҚР ҚК 271-бабы бойынша 5, сондай-ақ адам саудалады деген айыппен ҚР ҚК 128-бабы бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.