Елордада жылдамдықты асырғаны үшін 100-ге жуық көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Елордада өткен демалыс күндері белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 100-ге жуық көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Елордада жылдамдықты асырғаны үшін 100-ге жуық көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, полиция қызметкерлерінің назарына жол ережесін түрлі дәрежеде бұзған 1013 жүргізуші іліккен. Олардың арасында 18 адам көлікті мас күйінде басқарса, белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 97 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ 14 жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып, 72 азамат ұялы телефонмен сөйлескен, 19 автокөлік айып тұрағына қойылған.