Елордада жылу алмасу жабдығы бұзылған 142 тұрғын үй анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жылу желілерін сынау жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл су ағатын жерлер мен басқа да бұзушылықтарды анықтау үшін жасалады.
Осындай тексерулердің бірінде «Астана-Теплотранзит» АҚ жылу алмастырғыштары бұзылған 142 көп пәтерлі үй мен басқа да 30 тұтынушы (заңды тұлғалар, жеке меншікті үйлер) тіркелді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады. 25 наурызда кәсіпорын кемшіліктерді анықтау үшін пәтерлерді алдын ала ыстық судан ажыратып жылу желілеріне натрий флуоресцеинін қосты. Су жасыл реңкті сары түске боялды. Нәтижесінде жылу алмастырғыштардың тығыздығындағы кемшіліктер табылды.
Өмірді қамту бөлімінің хабарлауынша, жылу алмастырғыштарды жөндеп, ауыстырған соң кондоминиум нысандары немесе ПИК-тер «Астана - Теплотранзит» АҚ өкілдерінің қатысуымен оларды тығыздау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Тек осыдан кейін ғана акті жасалып, жылытқыштар қосылады.
Мысалы, проблемалық нысандардың 157-і қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр, ал 15 нысанға ыстық су әлі берілген жоқ. Мәселені жою жұмыстары қолға алынды.
Айта кетейік, герметикалылығын (саңылаусыздығын) тексеру ЖЭО коммуникацияларында, қазандықтарда, жылу желілерінде су ағатын және су алатын жерлерді анықтау, оларды жою және жылумен қамту көздерінде қуаттау шамаларын төмендету болып табылады.