01:34, 26 Ақпан 2012 | GMT +5
Елордада жылына 600-700 үй жалға беріледі
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Жыл сайын елордада әкімдік қорынан 600-700 үй жалға беріледі. Бұл туралы «Инфо-ЦЕС» газеті ұйымдастырған «тікелей желі» барысында Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы Серік Оспанов мәлім етті.

Оқырманның жалға алу құнына қатысты сұрағына жауап берген ол: «Қазіргі уақытта жалдау құны 1 шаршы метріне 76 теңге 70 тиынды құрайды. Яғни 60 шаршы метрлік пәтер 4602 теңге тұрады», - деді.
Оның атап өтуінше, қазіргі таңда кезекте 20 мың адам тұр. «Өткен жылдың желтоқсанында Астана әкімі 2003 жылдың маусымында кезекке тұрған 180 азаматқа пәтер кілттерін табыс етті. Жыл сайын жалдамалы үй аясында 600-700 пәтер беріледі», - деді ол.