Елордада жылжымайтын мүлікпен алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

АСТАНА: Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Елордада жылжымайтын мүлікпен алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл жөнінде агенттікке Астана қаласы ІІД тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз хабарлады.

Елордада жылжымайтын мүлікпен алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Топ мүшелері өз әрекеттерімен заңды және жеке тұлғаларға, жылжымайтын мүлік иелеріне аса ірі мөлшерде зиян шектірген. Ұсталғандардың бірі кепілде тұрған пәтерімен жалған құжат жасап, көрсетілген пәтерін кепілге қойып, 5 рет ірі сомада жеке адамдардан заем алған.

Сонымен қатар елордалық ұйымдасқан қылмыспен күрес полициясының қызметкерлері 40 мың АҚШ долларына кепілде тұрған жылжымайтын мүлікті қылмыстық топ алдау арқылы сатып жібергенін анықтады. Сонымен қылмыскерлер ол адамдарға барлығы 170 мың АҚШ доллары көлемінде зиян шектірген.

Аталған алаяқтық үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп атап өтті Н.Ораз.