Елордадағы Алаш тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Алаш тасжолының 69 көшесінен 191 көшесіне дейінгі аралығына жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Елордадағы Алаш тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Соған байланысты 13-15 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады. 

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Бұған дейін Атырау облысында былтырғы су тасқынынан бүлінген жолда көпір пайдалануға берілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар