Елордадағы автобус апаты: Бір жолаушының аяғы ампутацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Кеше елордадағы автобуспен болған жол апаты кезінде зардап шеккен 1 жолаушының аяғына ампутация жасалды.

больница, врачи
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бұл туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

— Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары үйге жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және өте ауыр деп бағаланады. Бір пациенттің аяғының төменгі бөлігі кесілді. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі, — делінген ведомствоның Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соғылды

Соңғы жаңалықтар