Елордадағы Байтұрсынов көшесіндегі учаске ішінара жабылады

 Елордадағы Байтұрсынов көшесіндегі учаске ішінара жабылады
Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қ.Аманжолов көшесі жағынан Тәуелсіздік даңғылына қарай А. Байтұрсынов көшесіндегі шағын учаскесіне жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті. 

Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарауынша, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 27 маусым күні сағат 21:00-ден 28 маусым сағат 09:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. 

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да бір жағынан жүзеге асырылатын болады. 

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram