10:05, 19 Маусым 2024 | GMT +5
Жүзуден Қазақстан командасы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – Римде (Италия) жүзуден Париж Олимпиадасына іріктеу бәсекесі өтеді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сынға Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады.
Атап айтқанда, төртжылдықтың басты додасына жолдама алуға Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко, Әділбек Мусин және Максим Сказобцовтың мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, турнир 21-23 маусым аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін Канаданың Маркем қаласында өткен әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы алтын медаль алғанын хабарлаған болатынбыз.