Елордадағы Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Жол жабылады
Фото: gov.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты осы жылдың 17 маусымы сағат 10:00-ден 18 маусым күні сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. 

Астана
Фото: Астана әкімдігі

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада Мәңгілік ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар