Елордадағы парадқа ел өңірлерінен соғыс ардагерлері келді
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа ел өңірлерінен соғыс ардагерлері келді.

Қазір ел аумағында 105 соғыс ардагері бар. Олар 80 жылдан бері бейбітшіліктің қадір-қасиетін қазіргі ұрпаққа айтып, түсіндіріп келеді. Осы орайда бүгінгі әскери парадқа 6 соғыс ардагері арнайы келіп, қатысып отыр.

Атап айтқанда, Астана қаласынан Рзағұл Байкешев, Алматы қаласынан Владимир Белозеров, Қосшы қаласынан Нұрқасым Әжітаев, Қостанай қаласынан Қасымхан Алдабергенов, Өскемен қаласынан Құрмат Рахимов, Қарағанды қаласынан Григорий Степенко келді.
Бұдан бұрын 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысының 111 ардагері, сондай-ақ Ұлы Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы 41 468 ардагер тұрып жатқанын жазған едік.
Еске салсақ, биыл ақпан айында Ұлттық ұлан сарбаздары 101 жастағы ардагер Рзағұл Байкешевті арнайы құттықтаған еді.