Елордадағы Жангелдин көшесінің учаскесі ішінара жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмыстарына байланысты Республика даңғылынан бастап С. Рақымов көшесіне дейінгі учаскедегі Ә. Жангелдин көшесі ішінара жабылады.
Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, аталған көшеге жол жөндеу жұмыстары 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы Алаш тас жолындағы көпір 1 қыркүйектен бастап ашылатынын жазған едік.