Елордадағы жеңіл атлетикадан өтетін турнирге үш елден 120 спортшы қатысады

Астана. KAZINFORM – 21 қаңтарда Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан INDOOR RUN ASTANA 2024 турнирі өтеді. 

жарыс
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, турнирде спортшылар 1 000 м, 1 миль, 2 000 м, 3 000 м жүгіру, эстафеталық жүгіру (микст) және нокаут жарысынан сынға түседі. 

Жарысқа қатысуға Ресей, Ұлыбритания және Қазақстаннан 120-дан астам әуесқой спортшы өтінім берді.

Сондай-ақ спорт бәсекесіне зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының командасы да қатысады.

Айта кетейік, турнирдің ашылу салтанаты сағат 09.45-те басталады.