Елордадағы 5 интернатта 347 бала тәрбиеленуде
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні тұл жетім немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған 347 бала Астананың бес интернат мекемесінде тәрбиеленуде,
деп хабарлайды елорданың ресми сайты қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметтері бойынша, «Астана қаласының балалар үйі» ММ-де 200 тәрбиеленуші, «Астана қаласының кәмелетке толмаған балалар баспанасында» - 48 тәрбиеленуші, «SOS Астана балалар қалашығында» - 73 тәрбиеленуші, №1 «Қарлығаш» жасөспірімдер үйінде - 13 тәрбиеленуші, №2 «Болашак» жасөспірімдер үйінде - 13 тәрбиеленуші бар.