07:58, 12 Тамыз 2020 | GMT +5
Елордадағы Ахмет Жұбанов көшесі жартылай жабылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Ахмет Жұбанов көшесі 28 тамызға дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Ахмет Жұбанов көшесінің Кенесары көшесімен қиылысынан соңына дейінгі учаскеде 11-28 тамыз аралығында жол жөндеу жұмыс жүргізіледі.
Осыған байланысты, жүргізушілер кептеліс тудырмау үшін баратын бағытын алдын-ала жоспарлауы керек.
Қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.