Елордадағы ауруханаға денесін 50% күйік шалған науқастарды емдейтін аппарат орнатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанадағы ауруханаға күйік жарақатын емдеуге арналған жаңа аппарат орнатылды. Енді зардап шеккендер елдің түкпір-түкпірінен медициналық мекемеге жеткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күйік жарақатымен науқастарды емдеуге мамандандырылған жалғыз бөлімше осы қалалық ауруханада.

«Біздің ауруханаға пациенттер еліміздің барлық өңірлерінен келеді. Мұнда дәрігерлер көлемді күйік жарақаттарымен, денесінің 50%-дан артық бөлгі зақымданып, шұғыл жеткізілген науқастарды емдейді. Бір жыл ішінде бөлімшеден 50-ден астам науқас ем алып шығады. Оларды жоғары білікті мамандар емдейді. Жаңа құрылғы дәрігерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді және науқастардың тез қалпына келуіне көмектеседі деп сенеміз», – дейді №1 көпбейінді қалалық аурухана директоры Марат Абдуов.


Соңғы жаңалықтар
telegram