Елордадағы азық-түлік өнімдері 100 пайыз таза
«Бұл шара тамыз айынан бері елордалықтардың сатып алған көкөністерінің, жеміс-жидектерінің, сүт және ет өнімдерінің тазалығына көз жеткізуі үшін өткізіліп отыр. Айына екі рет Астананың ірі сауда орталықтарында өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін қауіпті дейтіндей азық-түлік түрлері анықталған жоқ», - деді шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Астана қаласы Алматы аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Шапатаева.
Оның айтуынша, келесі акция «Шапағат» коммуналдық базарында, «Еуразия», «Әсем» сауда орталықтарында өткізілілетін болады.
Қазіргі уақытта базарға келген әрбір сатып алушыға шұғыл зертханалық зерттеулердің көмегі арқылы көкөністер мен жеміс-жидектердегі нитраттар мөлшерін тегін тексеруге, тамақ өнімдерінің термиялық өңделуін бақылауға, балықтың, шұжықтың, балдың және басқа қа азық-түлік түрлерінің табиғилығын анықтауға мүмкіндік беріледі.