Елордадағы «Балбөбек» конкурсына ел аймақтарынан 300-ге жуық бала қатысады

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Астанада «Балбөбек» шығармашылық байқауына 300-ге жуық бала қатысады.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады. Байқау бүгін «Жастар» сарайында шымылдығын ашады және 11 қарашаға дейін жалғасады.

Аталған іс-шара 5-10 және 11-14 жастар санатында өтеді. Онда 20 би тобы, 25 жас орындаушы жарысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалауда орындау ерекшелігі, сахналық костюм және репертуардың жасына сәйкес келуі басты назарға алынады.

9 қарашада шығармашылық байқау «Вокал» аталымы, 10 қарашада «Хореография» аталымы бойынша өтеді. 11 қарашада үлкен гала-концерт пен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Байқауды қазақстандық эстрада жұлдыздары тамашалайды.

Соңғы жаңалықтар