Елордадағы барлық мекеме жұмысының тоқтатылуы туралы ақпарат жалған - әкім

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаладағы мемлекеттік мекемелердің бәрінің жұмысын тоқтатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордадағы барлық мекеме жұмысының тоқтатылуы туралы ақпарат  жалған - әкім

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаладағы барлық мекемелердің жұмысын тоқтатуға қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Қала басшысы тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.

«Барлық ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында және аккаунттарында бар», - дейді ол.

Айта кетсек, елордада кеше түннен бері қатты боран соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығынан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қазіргі уақытта 38 авиарейс кешіктіріліп, 11 рейс тоқтатылды.