Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайына күнделікті 300-ге жуық турист барады (ФОТО)
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш экскурсия кезінде біз қонақтарға екі конференция залы мен опера залын көрсетеміз. Опера залы 1300 орынға лайықталған. Оның бірегейлігі деп күн сүгіретінде, 32 сәуле шашыратып тұрған терезесін айтуға болады. Қажет жағдайда, жаз маусымында бұл терезе ашылып, опера залына күн сәулесі түсіп тұрады, - дейді экскурсовод Динара Сәрсенбаева.
Бұл залда Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстары жиі өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайы түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің жиі шоғырланатын жері. Сарайда көптеген этномәдени орталықтар өз жұмыстарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, Бейбітшілік және келісім сарайы 2006 жылы ашылған болатын. Сарай құрылысы белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостердің идеясымен жүзеге асты. Пирамида құрылысына 2000 жұмысшы тартылып, барлығы 13 ай уақыт кеткен болатын.