13:57, 19 Маусым 2010 | GMT +5
Елордадағы бір құрылыс алаңында тас қалаушы қаза тапты
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - Астанадағы «Алматы» ауданында (12-ші магистраль) «Тұрсын Астана» тұрғындық кешенінің 4 қабатынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан «Алтын 21» ЖШС-нің 35 жастағы тас қалаушысы құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды.

Бұл келеңсіз жағдай маусымның 18-і күні кешке орын алған, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар мнистрлігінің баспасөз қызметі.