Елордадағы Бөкейхан көшесінде біржақты қозғалыс енгізіледі
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Бөкейхан көшесінде 2009 жылғы шілденің 1-і күнгі сағат 07.00-ден Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесіне дейінгі бөлігінде көлік құралдарының біржақты қозғалысы енгізіледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат астаналық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қозғалыс бағыты Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесіне қарай жүзеге асырылатын болады.Көрсетілген өзгеріс автомобиль жолының осы бөлігіндегі өткізу қабілетінің ұлғайтылуына байланысты. Бұл учаскеде апта бойы жол қозғалысын қадағалау үшін жол полициясының инспекторлары тұратын болады.