Елордадағы Есіл өзеніне пайдаланудан қалған кәріз сулары төгіліп жатыр - Ә. Жолшыбеков

Депутаттың айтуынша, Астана қаласының тұрғындары Есіл өзеніне қатысты табиғатты қорғау заңнамасы бұзылып отырғандығы туралы бірнеше мәрте алаңдаушылық танытқан. «Атап айтқанда, Есіл өзеніне осы маңға жақын орналасқан тұрғын үйлерден ауаның ластануына әсер ететін, адамның өмiрi мен денсаулығына аса қауiп төндiретiн пайдаланудан қалған кәріз жүйесіндегі лас сулар жіберіліп жатыр. Бұндай суды өзенге ағызуға ешкімнің де құқығы жоқ. Қазіргі таңда мамандар ағынды сулардың ластануы жоғары деңгейге жеткенін анықтап отыр. Бұның өзі Есіл өзені тоғанынан ауланған балықтарды тағамға пайдаланудың да қауіпті болатынын дәлелдейді. Ағынды, лас сулар жиналған көлдегі балықтардың ірі болатыны даусыз. Дегенмен, түрлі қоқыстар араласқан азықтармен қоректенген балықтар денсаулыққа зиян келтіреді», деді депутат.
Осыған орай, Ә. Жолшыбеков Есіл өзеніне пайдаланудан қалған лас сулардың ағуының алдын-алу мақсатында кезек күттірмес шаралар қабылдауды сұрады.