Елордадағы «Гранд Астана» проблемалы құрылыс нысаны 2011 жылдың екінші жартысында салынып бітеді - Н. Тихонюк

СТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елордадағы проблемалы құрылыс нысаны болып табылатын «Гранд Астана» тұрғын үй кешені келесі жылдың екінші жартысында салынып бітеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордадағы «Гранд Астана» проблемалы құрылыс нысаны 2011 жылдың екінші жартысында салынып бітеді - Н. Тихонюк

«Гранд Астана» кешенінің А блогын «Қазкоммерцбанк» пен «БТА банкі» қаржыландырады. Ал құрылыстың ең бастапқы кезеңінде тұралап қалған Е және F блоктарын мемлекет аяқтайды. Қазіргі уақытта оның құрылысының аяқталуы жақын. 2011 жылдың екінші жартысында толық тапсырылады деп күтілуде», деп атап көрсетті Н. Тихонюк.

Оның айтуынша, жалпы тұрғын үй секторында қалыптасқан ахуалға байланысты үлескерлердің мәселелерін шешу үшін, 2008 жылы қала аумағында құрылыстары тұралап қалған 34 проблемалы нысанның құрылыс жұмыстарын соңына дейін аяқтауға қаражаттар бағытталған. Нәтижесінде 2009 жылдың соңында тіпті қазығы да қағылмаған нысандардың 17-сі аяқталды. Баспанаға 4200 үлескер ие болды. Ал 16 нысанды салуды мамандар жөнсіз, тиімсіз деп тапты.