Елордадағы хоккейден ӘЧ: Словения алғаш рет жеңіске жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Словения мен Венгрия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметіне сәйкес, кездесу Словения құрамасының айқын жеңісімен аяқталды. Олар Венгрия қақпасына жауапсыз алты шайба соғып, ірі жеңіске жетті.
Айта кетелік, аталған екі команда да элиталық дивизионға жолдама алу мүмкіндігінен айырылған. Әзірге жолдамаға Қазақстан, Беларусь және Оңтүстік Корея құрамалары таласуда,
Ертең, 4 мамыр күні, біздің команда турнирдің басты фавориті - Беларусь құрамасымен кездеседі. Ойын 17.30-да басталады.