Елордадағы Қабанбай батыр даңғылын жөндеуге жабу схемасы ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылын кезең-кезеңімен жабу схемасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Бұған дейін 24-27 тамыз күндері Қабанбай батыр даңғылы бойымен «Нұра-Есіл» каналынан «Оңтүстік айналма жол» айырығына дейін көлік қозғалысы тоқтатылатынын жазған болатынбыз.

Жолдың жабылу сызбасы:

- 24 тамызда «Нұра-Есіл» каналынан Мәңгілік ел даңғылының қиылысына дейін;

- 25 тамызда Мәңгілік ел даңғылының қиылысынан Жаңадария көшесіне дейін.Пригородный кенті мен саяжай массивінің тұрғындары «Нұра-Есіл» каналы ауданындағы Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына қарай шыға алады. Сондай-ақ Арнасай көшесі арқылы «Оңтүстік айналма жолға» дейін жүруге болады.

- 26 тамызда Жаңадария көшесінен «Оңтүстік айналма жол» көлік айрығына дейін жабылады.

Әуежайға баратын жүргізушілер маршрутты «Оңтүстік айналма жол» арқылы жоспарлағаны жөн.

«Құрметті жүргізушілер! Аталған өзгерістерді назарға алып, түсіністікпен қарауды сұраймыз және жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабық учаскелерді қоспағанда, маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жол қозғалысы мен қауіпсіздікке қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 69-75-75, 71-69-77, WhatsАpp 8-705-295-86-20 телефондары арқылы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Call-орталығына хабарласуға болады», - делінген ведомство мәліметінде.




Соңғы жаңалықтар