Елордадағы Қабанбай батыр мен Сығанақ көшелерінің қиылысында шыққан өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы бойынша ТЖД-ға сағат 13.34 Қабанбай батыр мен Сығанақ көшелерінің қиылысында шөп өртенуі жөнінде хабар келіп түсті.

Елордадағы Қабанбай батыр мен Сығанақ көшелерінің қиылысында шыққан өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілді

Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарланды.

Жалын 14.03-те сөндірілді.

Өрт 300 шаршы м. шарпыды. Жапа шеккендер жоқ. Тілсіз жаумен күресуге 6 адам мен 1 техника тартылды.