10:52, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Елордадағы қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Орталық алаңда Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының кәсіпкерлері әдебиеттер мен кеңсе тауарларының, мектеп формасының, оқушыларға арналған спорт киімі мен аяқ киімдердің кең ассортиментін ұсынады. Сонымен қатар келушілер үшін Оқушылар сарайы, музыка мектебі, өнер мектебінің ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама қарастырылған. Шара жыл сайынғы республикалық акциясы аясында «Мектепке жол» өткізіліп отыр, деп хабарланған Астана әкімдігінің ресми сайтында.