18:09, 20 Қаңтар 2011 | GMT +5
Елордадағы кәсіпорындардың бірінен өрт шығып, 8 адам зардап шекті
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең елордадағы кәсіпорындардың бірінен өрт шығып, 8 адам зардап шекті,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Тілсіз жау Герцен көшесі бойындағы «Металл Центр LTD» ЖШС аумағындағы адамдар тұруға арналған 3 вагоннан шықты. Өрт салдарынан түрлі дәрежеде күйік шалған 8 адам ауруханаға жеткізілді.
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен араға екі сағат уақыт салып ауыздықталған қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыды.