Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордадағы «Қазанат» ипподромында ат бәйгесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілдеде елорда төріндегі «Қазанат» ипподромында бәйге түрлерінен республикалық турнир жалауын көтереді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы «Қазанат» ипподромында ат бәйгесі өтеді

«Астана кубогы» үшін өтетін ұлттық спорт мерекесі екі қашықтық бойынша (аламан - 25 шақырым, бәйге - 16 шақырым) ұйымдастырылмақ. Бәйге түрлерінен «Астана кубогын» сарапқа салуға республикамыздың барлық облыстары, Астана және Алматы қалалары 2 жүйріктен қоса алады.

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында өтетін бәйгенің жалпы жүлде қоры - 20 000 000 теңге. 25 шақырымды құрайтын аламан бәйгенің бас жүлдесі - 20 000 $ құрайды.

Бәйге түрлерінен өтетін республикалық турнир ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы жариялаған «Астананың 20 жылдығына - 20 ұлттық-спорттық іс шара» науқаны аясында ұйымдастырылып отыр.