Елордадағы ҚазАТУ-да оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы «Сергектік және денсаулық» дәстүрлі спартакиадасы басталды

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқу орны оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Сергектік және денсаулық» атты дәстүрлі спартакиада басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күндері университеттің спорт кешенінде волейболдан ерлер мен қыздар командалары арасындағы топ ішіндегі кездесулер өтуде. Алғашқы күннен бастап қоржынын жеңіс ұпайларымен толтырғандар арасында агрономия, энергетика және техникалық факультеттер мен әкімшілік-шаруашылық бөлім командалары бар. Кездесулер қаңтардың 10-ына дейін созылады.

Одан кейін спортшылар шағын футбол, шахмат, үстел теннисі мен президенттік қысқы көпсайыстан күш сынасады. Бұл спорт түрлерімен университет оқытушылары жиі шұғылданатынын да атап өткен жөн.
«Оқытушылар арасындағы спартакиада әдеттегідей тартысты басталды», - дейді ұйымдастырушылардың бірі, университет спорт клубының төрағасы Серікжан Сүлейменов. Себебі, тек қана волейбол жарыстарына 100-ге жуық спортшы қатысуға ниет білдірген.

Спартакиада 2010 жылғы қаңтардың 31-іне дейін жалғасады. Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен бірге сергектік пен денсаулық күтіп тұрғанына шүбә жоқ.

Соңғы жаңалықтар