Елордадағы кейбір бизнес орталықтардың алдындағы ақылы тұрақтар алынуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордадағы кейбір бизнес орталықтардың алдындағы ақылы тұрақтар алынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұл жайында Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мамандары ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында айтты.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің кәсіпкерлермен кездесуінде кейбір бизнес орталық иелері нысанның маңайындағы тұрақтың ақылы болуы келушілердің ағынына кері әсер ететінін айтып шағымданған болатын. Ал былтыр жазда осы мәселе бойынша сотқа да жүгінген.

Дегенмен, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасындағылардың пайымынша, бизнес орталықтардың маңындағы тұрақтардың ақылы болуы кәсіпкерлердің өздеріне тиімді.

«Ақылы тұрақ жобасы жалпы коммерциялық қызметке тиімді әсер етеді. Өйткені ол тұтынушылар ағынының айналымын арттырады. Егер жобаны жүзеге асырғанға дейін көліктер сауда нысандарының жанында сағаттап, кей жағдайда апталап тұрып, тұрақ орындарында әбігерге түсуі мүмкін болса, төлемнің енгізілуімен көліктердің тұрақтардағы орташа ұзақтығы айтарлықтай қысқарды. Осыған орай, ақылы тұрақтарды енгізу коммерциялық қызметке оң әсерін тигізуде, бұған көптеген кәсіпкерлік субъектілері өз аумағында ақылы тұрақ жобасын енгізуді бірнеше рет шақырған. Кейбір кәсіпкерлердің өтінішін ескере отырып, олардың бизнес орталықтар аумақтарында ақылы тұрақтарды жою мәселесі қаралатын болады», - деп жазылған басқарманың жауабында.


Соңғы жаңалықтар