«Елордадағы қоғамдық көліктер тоналуда» деген ақпарат жалған ? Б.Қожахметов

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елордадағы бағыттық қоғамдық көліктерді соңғы аялдамаға жеткенде қылмыскерлер тонап кетеді екен» деген әңгіме жалған.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Брифинг барысында ақпарат құралдарының өкілдері департамент бастығынан соңғы уақытта көпшілік арасында кеңінен тараған осы әңгімеге байланысты қандай-да бір ақпараттармен бөлісуді сұраған еді. Алайда департамент бастығы бұл оқиғаны жоққа шығарды. «Мұндай әңгімені мен де естігенмін және ол туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің басшысымен де тілдестім. Бұл ақпарат жалған болып шықты. Мұндай факті Астанада тіркелген жоқ», деді департамент бастығы. Сонымен қатар ол елімізде қарақшылық және басқа да қылмыстардың саны артып отырғандығы жөніндегі деректердің де жалған екендігін жеткізді. «Бізде өткен жылдары болған қылмыстық әрекеттерге қатысты барлық ақпараттар бар. Олар бойынша еліміздегі қылмыстар көбейген жоқ, керісінше азайып отыр. Соған қарамастан біз экономикалық дағдарыс сияқты жағдайлардың салдарынан қарақшылық, тонау сияқты әрекеттердің биылғы жылы біршама арту мүмкіндігін жоққа шығармаймыз», - деді Б.Қожахметов.
Соңғы жаңалықтар