Елордадағы Қошқарбаев көшесі 23 тамызға дейін жартылай жабылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қошқарбаев көшесінде Құдайбердіұлы даңғылынан жол айрығына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары аясында жол құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордадағы Қошқарбаев көшесі 23 тамызға дейін жартылай жабылады

Осыған байланысты 20-23 тамыз аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін баратын ббағытын алдын-ала жоспарлауы керек», – деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.