Елордадағы Қошқарбаев көшесінің бір бөлігі 10 күнге жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-14 қыркүйек аралығында Қошкарбаев көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейінгі бөлігі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жабылады. Бұл туралы Астана қаласының Энергетика басқармасынан хабарлады, деп жазады astana.kz.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары «ТМ-18 жылу магистралін қалпына келтіру» жобасы аясында қолға алынады. Бұл жылумен қамту сенімділігін арттыруға және жаңа құрылыс нысандарын жылу энергиясына қосуға, сондай-ақ тозығы жеткен магистральдік желілердің көлемін азайтуға мүмкіндік береді.